Жиналыстан кім қалыс – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Жиналыстан кім қалыс» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1479
* * *
Абыл - құбыл Асанов келді,
Жиналыс бітуге тақалып келді.
Сырттың қызуы ма,
Іштің қызуы ма?
Беті қызарып жасарып келді,
Асылған ас көп,
Қойылған бас көп,
Сонан зорға босанып келді.
* * *
Ебіл - тебіл Есжанов келді,
Бір жарым сағат кеш қалып келді,
Тұрлыбаев оның соңынан,
Тоя жеген етті алып келді,
Құр етпен келмей, қызара бөртіп —
Қызулы біраз лепті алып келді.
* * *
Жиналыстың соңында,
Келіп жетті Тұрғанбай.
Алқынып тұр аптығып,
Қайнап тұрған құмғандай,
Маңдайынан су шығады,
Аузын ашса бу шығады,
Ішінде ыстық тұрғандай...
* * *
Бекен мен Есен
Жиналыс біткенде келді.
Неге олай десем,
Түскі тамақ піскенде келді.
Жақан мен Апай,
Көрінбей ғана тығылып келді.
Асыққан Шоқай,
Есіктен жығылып кірді.
Амалсыз тұрды,
Амалсыз күлді,
Бірақ,
Айнала сұрақ:
— Ремонт бітті ме?
— Ұстам жоқ.
— Көң төгілді ме?
— Ескі қыстау жоқ.
— Көпір салынды ма?
— Оған ешкімнен нұсқау жоқ.
Сөз онымен біткен жоқ,
Сұрау деген тіптен көп:
— Егін егесің бе?
— Оған да еш дау жоқ.
— Жүгері себесің бе ?
— Оған да нұсқау жоқ.
— Ауданға овощ керек ?
— Ол үшін помощь керек.
— Тағы не керек ?
— Әрине, жеміс керек.
— Ол үшін не керек ?
— Ол үшін қол ұшың керек.
* * *
Соны айтумен Шоқай шықты,
Бітірем деп Тоқай шықты.
Жиналыс бітті,
Үйді-үйіне зытты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жиналыстан кім қалыс өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Жиналыстан кім қалыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жиналыстан кім қалыс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жиналыстан кім қалыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері