Совещание мен обещание – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Совещание мен обещание» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1456
I
Келгені жаңа ауданнан,
Көргені жаңа кеңсесін.
Хабарсыз әлі мал-жаннан,
Жиған жоқ әлі еңсесін.
Шыр...р ете түсті телефон,
Зырр ете қалды хатшы қыз.
"Бұл да бір қызық фельетон" —
Деп қойды күліп хатшымыз.
Айқасты "әлло, әллолар",
Шайқасты шатақ көп дауыс,
Әркімде бір-бір "әлло " бар,
Әркімде бар ғой бір таныс...
Шырылды жұлқып жуаны
Кетеді, рет күтпейді.
Трубка салған "мың әні" —
Күні-түні бітпейді.
— Қайдан?
— Қайда?
— Кім керек?
Кимелеп жатқан өңештер.
— Колхоз ба?
— Бастықты іздеп ек,
Қоя тұр тығыз еместер...—
Дейді біреу алқынып,
Біреу тұр оған безілдеп.
Трубканы қашпа ұрып:
"Көп сөйлемей тез іл!" деп.
Хатшы қыз қалды аңырып,
Тыңдарын кімді білмеді,
Кеңсе іші кетті жаңғырып,
Құлаққа бір сөз кірмеді.
— Болады совещание,
Мейлің жүгір, мейлің ұш!
Тағы бір замечание,
Бүгінгі өте асығыс...
Бүгінгідей ертең де,
Жатқаны сыммен сайысып.
Қай күні, қашан көрсең де,
Жатпайды бір сөз жай ұшып.

II
Райфода екі күн,
Болды совещание.
Исполкомда екі түн,
Болды обещание.
Желпініп жатыр ретпен,
Сілкініп жатыр бастықтар.
Жаңа серт, жаңа тілекпен,
Егілмек болды астықтар...
— Сен, не дейсің ? — дегенде,
Ұйқыдан біреу оянып:
"Не айтайын, мен енді...
Орындауым ол анық!" —
Дейді көзін уқалап,
Беріп обещание.
Кешегі сөзін қайталап,
Айтқызды совещание.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Совещание мен обещание өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Совещание мен обещание өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Совещание мен обещание өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Совещание мен обещание өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар