Қадірбайдың дәптеріндегі бірінші өлең – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Қадірбайдың дәптеріндегі бірінші өлең» атты Айтуар Өтегенов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 06.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2903
Атырауым!
Мықтылығыңа ел сенген,
Көкжиегің кең сенің биік еңсеңмен.
Қымбаттай түсті қадірің,
Барлық істің бағасы,
Қазіргі шақта тек сапамен өлшенген.
Тереңдігіңмен санасады екен шың анау,
Маңайын зерлеп нұрландырады шын алау.
Чкаловты сен Арктикаға жеткіздің,
Әлгі бір сөзден,
Сапа дегеннен шығады-ау!
Ұлан қыс бойы таңы да бір сәт атпайтын,
Жер төсіне барып ерлерім
Туды тікті айқын.
Қайсар ұлдарға теңдессіз ерлік жасатқан,
Мұнайың өлкем сексен градусқа қатпайтын.
Жалғады сапар, жалғады сол бір жол артын.
Демесін ешкім «мынауың астам болар тым».
Өсіріп айтсам, көсіліп айтсам Атырау,
Мұнайың сенің теңдесі келмес «қара алтын».
Мен ойладым:
Қалай-қалай ой тербейді бұрғышы,
Қонғалы тұр маңдайына, қонғалы тур жыр құсы.
Сан құпия жатады екен иірімінде адамның,
Ебін тауып шым-шымдаған сыр тарта алар одан кім,
— Поэзия, геология егіз бе екен, — деп те мен,
Қалдым ойлап.
Мына жырдың сиясы әлі кеппеген,
Қадірбайдың «Уралмашы»қаза біліп қабатты,
Ал жүрегі жаза білген отты өлең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қадірбайдың дәптеріндегі бірінші өлең өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Қадірбайдың дәптеріндегі бірінші өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қадірбайдың дәптеріндегі бірінші өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қадірбайдың дәптеріндегі бірінші өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері