Құбырлар – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Құбырлар» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1229
Денеңді алып құбырлар,
Құрсаулап жатыр құрсаулап.
Сезіммен ғана ұғынар,
Жыр саулап жатыр жыр саулап.
Гүл еткен, сені түлеткен,
Сексеуіл шоқты жүректер,
Ойнаған сом-сом білектер.
Құрлықта жүрер жолы бір,
Теңізбен сірә бір өткен.
Тербетіп жартас жағаны,
Сыңсиды мәуе бақ әні.
Бұхара «көліне» қосылып,
Құдіретім деп осыны ұқ.
«Көгілдір көлің» ағады.
Жаңартқан жасын картаны,
Тасқынды майың бар тағы.
«Достыққа» құйып жөңкіліп,
Еуропаға тартады.
Бұл өлкем жаңа әндердің,
Мекені құяр жанға нұр.
Завод – жүрекке жан берді,
Басталған сенен қан тамыр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құбырлар өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Құбырлар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құбырлар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құбырлар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері