Өлең, жыр, ақындар

Ұлы Мұхтар Әуезов

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 15490
Мың жылдар өшпес өрнек,
Айғақ тұлға,
Кең мінез, кең даламдай
Байтақ тұлға
Мұхтарымыз еді ғой
Теңіз ойлы,
Талмай жортқан тарландай
Тайғақ мұзда!
Жасаған алтын таудай жоталары
Арманы —
Артындағы « боталардың»
Гауһарын шашырауда
Қалған жылдың,
Мұхаңдай
Шебер оймен қотарар кім?!
Ортада жоқ болса да
Өзі бүгін,
Ұрпағы
Көтеруде өмір жүгін.
«Абайы»
Алатаудың төрт шыңындай,
Аплатон ақылыңдай
Білгірлігі.
Туған жер—
Кіндігінен тұрған аумай—
Жазыққа біткен
Жазғы асқар таудай
Саянда самалыңмен
Желпуші едің,
Самсаған достарыңды бақша-баудай.
Құдіретті
Сезім сыры қаламыңның, —
Дарыны,
Дарқандығың, даралығың;
Тарпынып
Тарлан тарих көш тартқанда,
Жарқырап
Бара жатар даналығың!
«Адам қонақ өмірге», —
Деуші ең бізге, —
Әуелден ұстаз тұтқан
Күнімізде;
Қай елге бара қалсақ:
«Мұхтармыз!»—деп,
Жүреміз
Сиынғандай пірімізге.
Өлсең де,
Өлмей туған сөзің тірі,
Бүрленер ғибратыңмен сезім гүлі.
Гауһарын төгілдіріп жүрегіңнің,
Ойлы жүзбен
Отырған кезін тірі.
Ой өріп,
Орман егіп
Жыл кешірген.
Қартайдық
Міне, біз де, сіз өсірген.
Ұрпақтарын
Қарсы алмақ, Мұха, сізді,
Әр жылдың,
Әр ғасырдың белесінен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Саңлағысың парасатты сананың

  • 0
  • 0

Сайрап жатып төсекте тіл мен жатым,
Сексеніңнің тойына бара алмадым.
Қан майданда қаруың—жан жырыңмен,
Отан сүтін оқ асты адалдадың.

Толық

Ыбыш Мұсабаев

  • 0
  • 0

Мүсіндей тастан құйған жартас кеуде,
Құмай көз, қоңырқай жүз, батыр бейне:
Аз сөзді, кесек мінез Ыбыш қарттың
Жас шағы жалын атып тұр Семейде.

Толық

Тамаша ғой өмірдің өрімдері

  • 0
  • 0

Адамдар!
Емеспіз ғой түскен көктен,
Жандармыз жерде туып, жерде ержеткен.
Қарызын Жер-ананың өтеу үшін,

Толық