Бердім мандат – Дихан Әбілев

Бұл бетте «Бердім мандат» атты Дихан Әбілев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1441
Ливазова Лина Юнусқызына

Ақылдың да, білімнің де толған шағы —
Алпысыңыз өмірдің иран бағы!
Жан жанатың жабырқау білмес болғай,
Пір тұтып ұзақ жасау қағиданы!
Медицина—өміршіл ерен ғылым,
Тіршілікке тіршілік берен — ғылым!
Арашалап ажалдан алып қалған,
Адамдарың ақ бата берер бүгін!
Құрметтім, Ливазова Лина саңлақ,
Тілейміз: көп жасасын Сіздей ардақ!
Өмір үшін күрескен Сізге — Лина,
Ұзақ жылдар жасауға бердім «мандат!»

25 қыркүйек, 1999


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бердім мандат өлеңінің авторы кім?

Дихан Әбілев — осы өлеңнің авторы.

Бердім мандат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бердім мандат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дихан Әбілев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бердім мандат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері