Әйткен Айманов – Дихан Әбілев

Бұл бетте «Әйткен Айманов» атты Дихан Әбілев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1427
Ғасырменен тасыр болып сайланып,
Жасап келед бұл атамыз жәйланып.
Жасай берші, жасай берші, жақсы ата,
Алатауда аспан ашық, ай жарық,
Келіп-кетіп жатсын жылдар айналып.
Мен өзімде
бүл күнде
үлкен атамын,
Білем күннің батарын, таң атарын.
Аталардан алған тәлім бойынша,
Сүйген емен өмірдің кей шатағын.
Өкініш сол — сиреп қалды қатарым.
Сізді көрсем — Баян тауды көргендей,
Сізді көрсем — Махмұт жыр өргендей,
Сізді көрсем — Серілікті сезгендей;
Сізді көрсем — Сұлулық сыр бергендей
Болам бейне жиырма беске келгендей!
Болмасаң да бабаңыздай батыр да,
Болмасаң да ағаңыздай ақын да,
Болмасаң да не ғалым, не министр,
Жанын таза елі-жұртың қақында,
Шаң жуытпас адамшылық атына.
Қандай бақыт Сізге мынау сексен бес!
Оптимист жан сексен бестен сескенбес
Адамдықтың ар сүтімен ержеткен
Мен бе оны құрмет айлап ескермес,
Дүлдүл өмір дүбіріңдей дес бермес.
Адамшылық деген үлкен ұғымда,
Орнын бар менің әділ жырымда.
Бабаларың Шоң, Торайғыр тәрізді,
Тұрмасаң да тарихтағы тұғырда
Коп жастарға жасап жақсы ұстаздық,
Көп-көп түлек қанаттантқан жылына,
Карт педагог сыйлы атасың ғұмырда!
Ғасырменен тасыр болып сайланып,
Жасап келдің Әйткен ата — Айманов.
Жасай берші! Жасай берші, Жақсы ата,
Келіп-кетіп жатсын жылдар айналып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әйткен Айманов өлеңінің авторы кім?

Дихан Әбілев — осы өлеңнің авторы.

Әйткен Айманов өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әйткен Айманов өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дихан Әбілев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әйткен Айманов өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері