Өлең, жыр, ақындар

Кеңшілік қаза болғанда

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1572
Атындай жаның да кең
Кеңшілігім,
Ағалап бұрынғындай
Келші, інім!
Қимасым, қайда кеттің?
Берші бір үн:
Матаған үзіп тастап жер сіңірін.
Өршілім,
Дарқан мінез, өжет тіптен,
Жоқ ем ғой
Үнсіздікті сенен күткен.
Сәттілеп
Сапарына әр жырыңның,
Жайраңдай берсем
Деуші ем ақ үмітпен.
Өлендерін,
Оқыған дауыстарын,
Күтіппін бе
Кілт үзіп тауыспағын.
Құйындатып,
Құйылтып
Сілтеуші еді-ау,
Бүгінгі мен
Ертеңнің қауышпағын.
Талабы
Тұстасынан асқақ еді,
Табаны
Таптау-шалшық баспас еді.
Биікті
Арман етіп алысқа ұшар,
Қыран жыр
Көтеріле бастап еді.
Кіндіктес
Бауырымдай, қандасымдай
Кең ішім,
Ылажым не нанбасыма?
Өзің жоқ,
От ойнатқан сөздеріңді,
Балаймын
Тірлігіңнің жалғасына!
Адалым,
Аңқылдағым, арсалаңым,
Кеңшілік!
Кеңшілік! — деп жар саламын.
Ақ жырың
Аңқылдаған жүйткуіңді
Сенемін
Келешектің қарсы аларын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шындық сыры

  • 0
  • 0

Ақиқат пен және де аңызды да,
Хақың бар ед сен ғана жазуыңа.
Бердің азық ерлік пен елдік жайлы,
Адамдар жан сырының азығына.

Толық

Бердім мандат

  • 0
  • 0

Ақылдың да, білімнің де толған шағы —
Алпысыңыз өмірдің иран бағы!
Жан жанатың жабырқау білмес болғай,
Пір тұтып ұзақ жасау қағиданы!

Толық

Шалқыма

  • 0
  • 0

Бір тау бар сахарада аты Баян,
Көкшедей сұлулығы еліме аян!
Аспанмен тіл қатысып Ақбет шыңы,
Қияда қыран қалғып қанат жайған!

Толық