Қабдыкәрімге – Дихан Әбілев

Бұл бетте «Қабдыкәрімге» атты Дихан Әбілев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1232
Пәк едің таң нұрынан жаралғандай,
Жан күйге сол сәуле боп таралғандай.
Жайсаң ен іш дүниең шексіз сұлу,
Ақтоты нұрмен канат таранғандай.
Толқындай көкірегінде терең сырлар,
Жай басып жайлы ағынмен шырын жырлар,
Мөлдірлік меруерті боп қаламыңнан
Жан күйің тамшылаушы ед өмір құмар.
Туған ең заманыңның ырысында,
Жарқын ед мінезін де, тынысың да,
Сүйкімді бар адамға сымбат-сырың,
Қимас жан едің жердің қуысына.
Хош бол, хош! Аяулы інім, абзал ақын!
Кім білген екендігін ажал жақын?
Ылаж не, дер шатың ед Құлагердей
Алысқа жыр тәңір боп атылатын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қабдыкәрімге өлеңінің авторы кім?

Дихан Әбілев — осы өлеңнің авторы.

Қабдыкәрімге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қабдыкәрімге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дихан Әбілев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қабдыкәрімге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері