Анчар

Бұл бетте «Анчар» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.07.2018
  • 0
  • 0
  • 3199
А. С. Пушкиннен аударма

Қу далада, құла түз,
Жер қақдаған күн тамыз.
Күзетшідей жапанда
Анчар — ағаш тұр жалғыз.
Табиғаты сахраның
Өсірді оны ашумен:
Тамыр, бұтақ, жапырағын
Суғарды да зәрлі умен.
Түстегі ыстық ерітсе,
Қабағынан тамады у.
Кешкі салқын қорытса,
Мөлдір сағыз у қою.
Қонбайды құс ағашқа,
Жоламайды жолбарыс
Тек жел ажал ағашқа
Салып өтер бір жарыс.
Иә қара бұлт қаңғырған
Жапырағына жауғанда,
Бұтақтағы жаңбырдан
У төгілер от құмға,
Адамға адам әмір қып,
Жұмсады улы анчарға.
Кетті көніп бұл қаңғып,
Ап қайтты уды ол таңда.
Әкелді ажал сағызбен
Қу жапырақты бір бұтақ,
Қаны қашқан қу жүзден
Салқын тері бұршақтап.
Әкелді — кетті әлсіреп,
Күркесіне жатты бұл.
Қожа алдында күші көп,
Өлді солай сорлы құл.
Алып патша бұл уды
Жақты көнбіс оғына.
Жіберді оқпен өлімді
Жан-жақтағы жауына.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анчар өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Анчар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Анчар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анчар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері