Кененнің Шәлипамен айтысы
- 0
- 0
Мінгенім астымдағы қызыл шолақ,
Қыз байғұс әкесіне аз күн қонақ.
Әй, қыздар, кедейсінбей өлеңіңді айт,
Тұсыңа келіп қалдым «құдашалап».
Бұл бетте «Кененнің Бөдене және Шәйнек деген жеңгелерімен әзіл қағысы» атты Кенен Әзірбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мінгенім астымдағы қызыл шолақ,
Қыз байғұс әкесіне аз күн қонақ.
Әй, қыздар, кедейсінбей өлеңіңді айт,
Тұсыңа келіп қалдым «құдашалап».
Бір сөзге тиянақты болмай палуан,
Имендің бе ізденген өнерпаздан.
Неге састың сөзіңнен, неге адастың,
Қажығандай қайқаңдап Нұриладан?
Мен едім Кенен аңын Қордайдағы,
Төгейін өлеңімді таңдайдағы.
Ләтипа, дабысыңды естіп келдім,
Жатсаң да Төмен Балқаш шалғайдағы.
Арғы атам Мәделі мен Майлы қожа,
Ғылым мен өнерге асқан сайлы қожа.
Қазыны, қарта менен сары қымызды,
Қонаққа соятұғын тайды қожа.
Ел анасы — жер болар.
Ел ағасы — ер болар.
Кіндік кесіп, кір жуған
Жер балаңмен тең болар.
Шашеке, амансыз ба, күйлі-жайлы?
Өнерге өрен аға сегіз сайлы.
О, шіркін, кәрілік те кеп қалыпты,
Аяғы бұл өмірдің түйе - тайлы.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі