Жамбыл мен Кенен – Кенен Әзірбаев

Бұл бетте «Жамбыл мен Кенен» атты Кенен Әзірбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5027
К е н е н:
Ақынның асқан алыбы,
Халықтың болған тарихы,
Сәлем бердік о, Жәке,
Москва барып қайтқанда,
Кеудеңе орден таққанда,
Шаршап келіп тынығып,
Өз үйіңде жатқанда,
Келіп тұрмын о, Жәке,
Орденіңді құттықтап,
Қуанғаннан кеп едім.
Тәуірмісің о, Жәке,
Көрісейін деп едім!
Отан қамын тіледің,
Халық үшін жүрегің,
Көсемге теңеу таптың ба,
Ақылы дана зерегім?
Ж а м б ы л :
Сәлем беріп келіпсің,
Рахымет, Кененім.
Осы аурудан жазылып,
Ел көрем бе деп едім.
Тәуір болдым, шүкірлік,
Көңілімді демедің.
«Жаңа заңға» шырқашы,
Сағындым ғой, Кененім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жамбыл мен Кенен өлеңінің авторы кім?

Кенен Әзірбаев — осы өлеңнің авторы.

Жамбыл мен Кенен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жамбыл мен Кенен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кенен Әзірбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жамбыл мен Кенен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері