Ашылмаған сыр

Бұл бетте «Ашылмаған сыр» атты Жанар Құдайбергенқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қалай айтам, сүйемін деп өзіңді
Сүйіп тұрып, көре алмасам жүзіңді
Аңсап - аңсап жүрегімде тұншыққан,
Білесіңбе қайнар мендік сезімді

Қалай айтам, жаным - күнім еркім деп
Сенде - менде бір тағдырға бекіндік
Меннен кетіп өзге жанға жар болдың
Енді маған берсеңші бір еркіндік

Айналайын алтын жүрек мендегі
Бұл əлемнен сен ғой маған керегі
Ер азамат мейлі - мейлі көп болсын
Көп болсада сендей болмас жүрегі

Айталмаған тағы бір сыр пендеге
Менде қалды ашылар тек өлгенде
Жігіттер - ай, сүйе алмасам, амал не.
Жүрегімде бір алапат жүргенде
Кешіріңдер менде еттен жаралғам
Менде сезім, менде тағдыр білгенге


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ашылмаған сыр өлеңінің авторы кім?

Жанар Құдайбергенқызы — осы өлеңнің авторы.

Ашылмаған сыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ашылмаған сыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жанар Құдайбергенқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ашылмаған сыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері