Сол тойда қырғыз жыршыларының айтқаны –
Кенен Әзірбаев
Бұл бетте «Сол тойда қырғыз жыршыларының айтқаны» атты Кенен Әзірбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
X а л ы қ а қ ы н:
Бұғы сайлаған елден келдім,
Қошқар жұмқал жерден келдім.
Атасызды ұққанменен,
Алтын жүзік көрмеп едім,
Шертпегімді тағынып келдім.
Сірә болмаса қағылып келдім.
Қазақ пен қырғыз туысқан
Өмілдірік - құйысқан.
Кенехан мен Орманхан
Надандықтан ұрысқан.
Мынау жорға ат әкелдік,
Ер - тұрманын сап келдік.
Жамбыл ата, мініп ал,
Белге домбыра іліп ал.
Достық жолды біліп ал.
Тоқсанда торқа орандың,
Мәскеу барып нұр алдың.
Ақ қалпақты қырғыздың
Атынан сәлем жырладым.
Құтты болсын тойыңыз
Халық ініңнен қол алғын.
Ә л і м қ ұ л а қ ы н:
Ау, Жамбыл, алып атамыз.
Саяңызда жатамыз.
Тоқсанда топтан озғанға
Құтты болсын айтамыз.
Жамбыл ата-бабамыз
Біз де сізге баламыз.
Тоқтағұлдың атынан
Бұлғын ішік жабамыз.
Ақ қалпағын киіп ап,
Айнаменен қараңыз.
Бізді өзіңе санаңыз.
Сізден үлгі аламыз.
Қазақ,
қырғыз бауырлас,
Қатар жатқан ауылдас.
Бірге көшіп,
бір ішіп,
Бір ниетіңе ұйымдас.
Қызды беріп, қыз алып,
Құлай сүйсе қарындас,
Берекелі «бесбармақ»,
Аулымыздан айрылмас,
Киген киім кең етек,
Мінген аты бауырлас,
Ата Жамбыл, риза бол,
Топқа жырым асыл тас!
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі