Паж немесе он бес жас – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Паж немесе он бес жас» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1622
Жақында мен он бес жасқа шығамын,
Сол шат күнге жете ала ма шыдамым?
Ол күн мені әрі асырып тастамақ!
Жұрт ішінен ала бөліп ешкім де,
Көрсете алмас енді бөтен қас-қабақ.
Бала емеспін бүлдіршіндей бір күнгі,
Сылап-сипап ширатамын мұртымды.
Салмақтымын шалдай енді тісі жоқ,
Естисің бе еркін, қатал даусымды,
Енді мені кері итерер кісі жоқ.
Жаратады қыздар. Ұяң түрім бар,
Сол қыздардың арасында бірі бар,
Жанарында жатыр қайғы тығылып,
Жүзінен де байқалмайды жылылық,
Өмірде де артық маған сыры бар.
Тіл қата алмас ешкім жетіп батылы,
Таң қалдырды мені оның ақылы.
Адуынды қызғаншақ олкеремет,
Тәкаппар жан басқалардан бір бөлек,
Сөйлеседі жалғыз ғана мені елеп.
Айтты маған кеште апшымды қуырып,
Сертін байлап, ашуыңа тығылып.
Оңды-солды қарасаң тек бұрылып,
Өз қолынан беретінін у құйып,
Махаббаты қандай оның тым биік!
Шөл далаға әзір бірге кетуге,
Жұрт қарғысын таптап тәрік етуге.
Тәңірімдей тірлік берген денеме,
Севиль графинямды білгілерің келе ме?
Жоқ! Есіміне паш етейін мен неге!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Паж немесе он бес жас өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Паж немесе он бес жас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Паж немесе он бес жас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Паж немесе он бес жас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері