Тұрмағамбет пен Жүрсін – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Тұрмағамбет пен Жүрсін» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2132
Тұрмағамбет:
Жарайды жазған хатың, інім Жүрсін,
Қиғаш қас, құралай көз нағыз һүрсің!
Баласы Алтынайдың болғаннан соң,
Айбынба, білімге бай, анық дүрсің!
Жүрсін:
Қошемет сөз ғой, Төке, "дүр" дегенің!
"Қиғаш қас, құралай көз һүр" дегенің.
Бұл айтқан сөзіңізден байқалып түр:
"Жазуды жөндей алмай жүр", – дегенің.
Тұрмағамбет:
Қошемет емес мұным, анық еді,
Зейілім сүйегіңді танып еді.
Сөзіме сенбейтұғын сияғың бар,
Неліктен кеулің маған қалып еді?
Жүрсін:
Сөзіңе сендім, Төке, десең ондай,
Інің ем мақтағанмен жүрген оңбай.
Сөзіңе "дуа дарыған" адам едің,
Басыма кетпес онда бақыт қонбай.
Тұрмағамбет:
Басыңа ықпал орнап, бақыт қонса,
Қайырсыз қатарыңа болма онша.
Қазаның халық біткенге қайнап тұрсын!
Жаз салқын болсын үйің, қыс күн монша.
Жүрсін:
Осы айтқан үгітінді ескерермін,
Дүр сөзін өзіңіздей ес көрермін.
Бетіме өз ойыммен кете берсем,
Халық болып қалайынша көшке ерермін.
Тұрмағамбет:
"Көп жаса!" олай десең, деймін, інім,
Ағаның іні азбайды алған тілін.
"Шығады асыл — тастан, ақын — жастан",
Қалай да қайрат қыл да, халыққа білін!
Жүрсін:
Өзім де ұнатамын "білінгенді",
Алармын әрқашанда тілінді енді.
Ойыңнан шықсам, жақсы болар еді,
Болдың ғой сынайтұғын ініңді енді.
Тұрмағамбет:
Мен саған дұшпан ба едім "сынайтұғын?"
Айтпайсың, сірә, сөзді ұнайтұғын.
Ағаңның ақ көңіліне "ит қосасың",
Әрқашан саулығыңды сұрайтұғын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұрмағамбет пен Жүрсін өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Тұрмағамбет пен Жүрсін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұрмағамбет пен Жүрсін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұрмағамбет пен Жүрсін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері