Молла Садық ақынға айтқаны

Бұл бетте «Молла Садық ақынға айтқаны» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1269
Аман ба, ақын Саке, жан, малыңыз,
Көбісін жас өмірдің жалмадыңыз.
Мән-жайды уәжі дұға айлап амал,
Ізінен ілім-ікімат қалмадыңыз.
Бақ қонып басыңызға, байтақ билеп,
Өрлеп тұр ат-ауаза, намларыңыз.
Сұбһы-шам, бәлкі-дауам, дұғадамыз,
Жағылған сөнбесіне шамдарыңыз.
Шүкірана шам сарайға еніп енді,
Жайып қол Жаббар Аққа жалбарыңыз.
Қылатын халайыққа жолбасшылық,
Сәруардың Сәйділ башар балларымыз.
Мирасын мекем тұтып бабаңыздың,
Ерте-кеш үгіт айтып, сандалыңыз.
Көлеңке көпке берсе, ғажап емес,
Көгерткен гүжім болып талдарыңыз.
Ашылып Әһлісламға абатшылық,
Ағысты болсын өте аңғарыңыз.
Ала жер бағдаралтай мағлұмынша,
Сақталсын сап алтынға әмбарыңыз.
Өзіндей ағаларға айлап қызмет,
Дұға алу - дүниядағы арманымыз!
Тиді деп мүшәуірлік мәртебесі,
Ат ізін біздікіне салмадыңыз.
Түйеге желіккенде шара бар ма?
Дегендей болды-ау осы әлларыңыз.
Сөзімді осы айтқан ауырласаң,
Ұратын шойын, шоқпар қамданыңыз.
Қателік қалайда да болды десең,
Нарлардай нарау тартпай нан да, алыңыз.

1929.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Молла Садық ақынға айтқаны өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Молла Садық ақынға айтқаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Молла Садық ақынға айтқаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Молла Садық ақынға айтқаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері