Туыстық – тым ыстық – Әкім Ысқақ

Бұл бетте «Туыстық – тым ыстық» атты Әкім Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4191
Алақай! Балақай!
Нұр тұнсын көңілге.
Қуат та, шуақ та,
Бәрі де сенімде!

Ойнайық, тойлайық,
Шаттанып күлейік.
Жар салып, қарсы алып,
Ақ таңда жүрейік.

Достармыз, қостаймыз
Бірлікті бәріміз.
Туыстық – тым ыстық,
Шырқалар әніміз.

Айналам жайнаған,
Баламыз көңілді,
Бақытты, шабытты
Тілейміз өмірді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туыстық – тым ыстық өлеңінің авторы кім?

Әкім Ысқақ — осы өлеңнің авторы.

Туыстық – тым ыстық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туыстық – тым ыстық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әкім Ысқақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туыстық – тым ыстық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері