Уық – Әбубәкір Қайран

Бұл бетте «Уық» атты Әбубәкір Қайран жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2842
Тоқталып киіз үйдің уығына,
Көрейік мұны дағы біз ұғына.
Болса да жалғыз ағаш сырық сынды,
Көп мұның қиыны да, қызығы да.

Сайлайды үйші уыққа мықты ағашты
(Әлсізі ауыр салмақ ұстамас-ты).
Жақсылап жонып, өңдеп алғаннан соң,
Салады қоз бен тезге күш-талапты.

Сидаңдау ұзын ағаш өңделеді,
Иіліп түпкі тұсы өзгереді.
Кеудесін киіз үйдің көтеретін,
Уықтың иіні осы – ең керегі.

Енді үйші жонғыны іске жаратады,
Ағаштың түбін соған қаратады.
Жалпайтып жуан түпті жонып алар,
Біліп ал, бұл – уықтың алақаны.

Алақан ортасынан тесіледі,
Уықбау байлар тұсы – осы жері.
Бекітер керегеге бау болған соң,
Не қылдан, не шудадан есіледі.

Ендігі шаруалары шамалы боп,
Ұш жағы жіңішкеріп қалады көп.
Шаншылар шаңыраққа үшкір ұшы
Аталып кеткен уық қаламы деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Уық өлеңінің авторы кім?

Әбубәкір Қайран — осы өлеңнің авторы.

Уық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Уық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбубәкір Қайран өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Уық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері