Кереге – Әбубәкір Қайран

Бұл бетте «Кереге» атты Әбубәкір Қайран жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3896
Үй жасау керегеден басталады,
Оңайлау бұдан көрі басқалары.
Ағашы керегенің – сағаналар,
Біркелкі, қатар-қатар тасталады.

Енді үйші сағананы жонар өңдеп,
«Сағанам, сары алтындай бола көр!» – деп.
Иінін келтіреді, жұмырлайды,
Осының өзі айтарлық болар еңбек.

Басты шарт – сағаналар сәйкесімі,
Қиысып келу керек бар кесігі.
Кереге тез жазылып, тез жиылар,
Көктейтін сәйкес болса әр тесігі.

Үскімен теседі үйші сағананы
(Бұрғымен үскі бірдей саналады).
Біркелкі болғандығы сағаналар
Ырғаққа түскеннен соң қаралады.

Тергейді сағананы ырғақ – қалып,
Үйшілер тек ырғаққа тұрмақ нанып.
Самсаған сағаналар сәнді шықса,
Қалады өз ісіне бір мақтанып.

Көктеуге кезек енді келіп қалар,
Орнына әр сағана қоныстанар.
Бұларды біріктіріп көктеу үшін
Түйенің таспа-сірі берік болар.

Таспа-сір мөлшерленіп кесілінген,
Өтеді ол сағаналар тесігінен.
Ерекше тәсілменен бекітілер,
Шыдамас бос түйілген, бос ілінген.

Кереге дайын болып қиғаш тор көз,
Үйші бір бел жазады алғаш сол кез.
Бір жазып, бір жинайды керегені,
Шаттанар, мін тағатын болмаса көз.

Санаңда өнер сүйер санат болса,
Кереге керемет қой, қарап тұрса!
Кереге сонша болар, біліп алғын,
Тігілген үйде қанша қанат болса.

Кереге киіз үйге сапа берер,
Көп болса, атағы да аса берер.
Сондықтан, жұбайларға ақсақалдар:
«Кеңейсін керегең!» – деп бата берер.

Бастайды төрт қанаттан үй қанатын,
Бес, алты қанатты үйлер сыйланатын.
Он екі қанатты үйдің орны бөлек –
Сол үйге ел жақсысы жиналатын.

Ежелден қазақ жұрты қордалы екен,
Ауылдар киіз үйлі қорғаны екен.
Қаһарлы, қайырымды хандарының
Ордасы отыз қанат болған екен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кереге өлеңінің авторы кім?

Әбубәкір Қайран — осы өлеңнің авторы.

Кереге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кереге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбубәкір Қайран өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кереге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері