Жер туралы жыр – Сейфолла Оспан

Бұл бетте «Жер туралы жыр» атты Сейфолла Оспан жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2364
Өзіңнен нәр алдым, жаралдым,
Қара жер, Ана жер көлбеген.
Бар-жоғын сыйладың адамның,
Небір дән жоқ сенде өнбеген?!

Дархансың, жомартсың, ен дала,
Төсіңде ерке өскен мен бала.
Сен ғана, сен ғана, сен ғана,
Өмірсің, көңілсің ең дара.

Дәнісің тер төккен диханның,
Әнісің бақшалы бағбанның.
Жауысың жалқау мен бейқамның,
Сәнісің еңбегі жанғанның.

Қазынам таусылмас, мақтаным,
Өзіңдей жұмақты таппадым.
Аймалап кеудеңді, ақ таңым,
Жыр етіп өзіңді жаттадым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жер туралы жыр өлеңінің авторы кім?

Сейфолла Оспан — осы өлеңнің авторы.

Жер туралы жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жер туралы жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жер туралы жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері