Махаббатым өзімде – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Махаббатым өзімде» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.04.2015
  • 1
  • 10
  • 49244
Жүргенде қатал тұрмыс илеуінде,
Білмеймін, сүйдім бе мен, сүймедім бе...
Жастықта жалын атып сүйсем егер,
Түспес ем дел мынадай күйге мүлде.
Мен нағыз махаббатты армандаймын,
(Оны мен жоғалтып та алғандаймын...)
Ақ қаздар арасынан аққуымды
Ажырата білмеген сормаңдаймын.
Өтінем сенен ғафу, асыл жарым,
Көрсетпе тарпаң мінез, тасынбағын.
Сен менен от іздеме, құрмет ізде,
Өртеніп жана-жана басылғамын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (10)

Ақерке

Мұқағали атамыздың өлеңдері бірі бірінен өткен тема ғо маған жаман катты ұнайд

Мадина

Өте тамаша өлең керемет!

Саят

Олендерин аитып романтик боласынго

жандос

Йя келісем

Досбол

Өте керемет

Ақниет

өте кремет!

Аружан

Өте жақсы керемет екен

Төлеубек

Нағвз махаббатына,сүйгеніне жетпеген,ғашық дертін осылай жеткізеді

Бека

Прикол мен жаттадым

Дариға

«Махаббатым өзімде» атты өлең жүректі терең тебірентетін туынды болды. ❤️ Мұқағали Мақатаевтың махаббат, бозбала сезімі мен жастық шақтың алауы секілді оты ашық әрі шынайы тілмен ауырмай жеткізілген.
Өлеңде сүйген жанға деген арман, жылулық пен жан қиналысы қосылып, оқырманға нағыз махаббаттың мәнін ой салады. Әсіресе «Ақ қаздар арасынан аққуымды ажырата білмегенсіңдеймін» деген жолдар жүрекке жайлы ойлар тудырып, сезімнің қаншалықты нәзік екенін көрсетеді.
Осындай қазақ поэзиясының классикалық үлгісі махаббат туралы терең философиялық ойлармен оқырманға әсер етіп, қазақ әдебиетінің байлықтарын тағы да бір дәлелдейді.

Осы автордың басқа өлеңдері