Мен - донормын – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Мен - донормын» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.04.2015
  • 2
  • 3
  • 35089
Бәріңе!
Бәріңе!
Бәріңе!
Жасыңа да кәріңе!
Кімге қан керек?
Ішуге емес, дәріге...
Мен - донормын.
Шипа болар қаным бар.
Қабылдаңдар,алындар.
Менің жылы қанымның
Қасиетін таныңдар.
Жоқ!
Ақшаға сатпаймын!
Аурулар алдында,
Борышымды ақтаймын.
Өмір беріп өзгеге,
Өмірімді сақтаймын!
Мен - донормын.
Таза қан.
Сақ боласыз жазадан,
Сақ боласыз мазадан,
Қабылдаңыз?!
Көп берем де, аз алам,
Сіздегі сансыз түтікпен
Менің қаным өтеді,
Маған сол да жетеді!
Сіздегі жылы жүректе
Менің қаным соғады.
Маған сол да болады!
Сіздің мидың, біздің қан
Болып жатса қорегі.
Басқаның не керегі?!
Бәріңе!
Бәріңе!
Бәріңе!
Жасыңа да, кәріңе!
Кімге қан керек?
Кімге қан керек?
Кімге қан керек?
Ішуге емес!
Дәріге!..


Пікірлер (3)

малика

Керемет өлеңдер жанды тебірентіп жүректі тербейді Мұқағали атамыз нағыз ақын екен

Нурика

Керемет өлең .

Назарбай

Мұқағали Мақатаев - Мен - донормын - ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен - донормын өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Мен - донормын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен - донормын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен - донормын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері