Мен білмеймін, нe болады күні ертең

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 19.04.2015
  • 1
  • 5
  • 32163
Мен білмеймін, нe болады күні ертең.
He болса да, не болса да күнелтем!
Екеуміздің жүрегіміз білер тек,
Сырласайық, оңашаға жүр, еркем.
Қалай-қалай құбылады мына күн?!
Қалай-қалай құбылса да шыдадым.
Екеуміздің жүрегіміз ұғады,
Сырласайық оңашада, шырағым
Мен несіне, сен несіне жыладың?!
Айтпай-ақ қой,айтпасаң да ұғамын.
Бәлен жерде құлағанда құланың,
Бәлен жерде ұмыт қалған тұмарың!..
Бәлен жерде...
He түседі дәлелден?
Бәрі де ұмыт, бәрі де жоқ,
Бәрі өлген...
Оны сен де таба алмайсың әлемнен,
Оны мен де таба алмаймын әлемнен...


Пікірлер (5)

Асылжан

Өте керемет

Айжан

Өте керемет жазылған осы өлеңдерден шабыт алып,өмірге деген құлшынысы оянады!

Myrza

керемет

Бекзада

Өте жақсы

Бекзада

Өте керемет қлең

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен білмеймін, нe болады күні ертең өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Мен білмеймін, нe болады күні ертең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Мен білмеймін, нe болады күні ертең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен білмеймін, нe болады күні ертең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері