Менің ғасырым – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Менің ғасырым» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.04.2015
  • 1
  • 5
  • 33914
Кірпікке кір жуытпай,құндақтаған.
Мына өмір, мына дәуір қымбат маған.
Бұл ғасыр, сірә, менің жүрегім-ау,
Тынысын қыбыр етпей тыңдап бағам.
Бұл ғасыр - менің жүрек-сағатымдай,
Тамырым бірге онымен соғатындай.
Амалсыз,абайсызда қалғып кетсем,
Ғасырым бірге ұйықтап қалатындай.
Мына дәуір менікі,мына ғасыр,
Минут сайын керемет ұлан-асыр.
Мәңгілікке ғасырың бара жатса,
Бірге кетпей қалайша тұра аласың.
Тыным алмай тыңдаймын сырласымды,
Тынысын бағам...
Менен не сыр жасырды!?
...Сірә, біздің ұрпаққа қиын болар,
Мәңгілікке жөнелту бұл ғасырды...
(Біздің ұрпақ сол шақты көрер ме екен?.
Келер-кетер,ғасырлар келер-кетер.
Өзім жырлап қалайын ғасырымды,
Келер ұрпақ өзінше өлеңдетер...


Пікірлер (5)

АКС

Тамаша екен

Ақтоты Бейсеуова

Бізге енді жарыс болат осы өлеңді айтам өте керемет екен РАХМЕТ СІЗГЕ МҰҚАҒАЛИ АТА!!!

Венера

Мен алда жарысқа қатысатын едім ол жарыс мәнерлеп оқу сол жарыста осы өлеңдерден біреуін айтатын шығармын
Егерде осыны айтып орын алып жатыр сам бұйырса сіздерге РАХМЕТ!

Қуанышқызы Венера

Бізге жарыс болатын еді ол жарыс мәнерлеп оқудан егер осы өлеңдердін біреуін айтып жатып орын алсам сіздерге РАХМЕТ!

Айша

Сірә, біздің ұрпаққа қиын болар,

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің ғасырым өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Менің ғасырым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің ғасырым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің ғасырым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері