Гейне және оның төрт иті

Бұл бетте «Гейне және оның төрт иті» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2721
Айқастар мен айтыстарда батса керек тіс қатты,
Заманында Гейнеңіздің өзі төрт ит ұстапты.
Ашулы ақын
Жыр майданда талай көрген шатақты
Төрт итін де төрт қасының есімімен атапты.
Сол төрт итті,
Мезгіл-мезгіл сүйек тастап отырып,
Қорлап-қорлап алады екен,
Ыза-кегін өлтіріп.
Мен, әрине, Гейне емеспін өлген жанын өрт құшып,
Дегенменен жасырмаймын,
Менде де бар төрт күшік.
Бірақ қас жоқ,
Төрт досым бар,
Яки төрт уайым бар.
Төрт күшікке сол төрт достың атын қоймақ ойым бар.
Қазір мені Гейнеге, рас, ешбір сыншы теңемес.
Менің итім Гейне итінен бірақ бір де кем емес.
Білгің келсе, Ұлы ақыннан менің ойым басқаша:
Мен оларға ауыр-ауыр сөз айтпаймын ешқашан.
Ұстазымнан бөлегірек.
Бөлек менің мақсатым.
Итті сөгіп,
Менің, сірә, шыға қоймас жақсы атым.
Өйтіп қайтем!
Жүре-жүре
Арасында сөз борап,
Бір-біріне үре-үре
Ит болады өздері-ақ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гейне және оның төрт иті өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Гейне және оның төрт иті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гейне және оның төрт иті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гейне және оның төрт иті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері