Бір кездегі шаруаның құралдары

Бұл бетте «Бір кездегі шаруаның құралдары» атты Қадыр Мырза Әли жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1565
Бір кездегі шаруаның құралдары
Автоматты бүгінде,
Бұрандалы.
Құрыш етін құлақтың жегеннен соң
Көршіміздің гуілдек крандары;
Ортасынан кеткенде өмір ауып,
Қырдың гүлін аңсаған омырауы
Түз ұлына шаншудай қадалған соң
Тыз-тыз еткен электр қоңырауы;
Атқан кезде алаулы лала таңдар
Аттың жалын аңсай ма алақандар?
Жей берген соң жүйкені
Жиі-жиі
Шырылдаған шыжбақай телефондар;
Артқа тастап қаланың қуған үнін,
Ауылға біз барып ек тұрған інім,
Ұйықтай алмай қор болды тыныштықта
Аэродром түбінде туған ұлым!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір кездегі шаруаның құралдары өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Бір кездегі шаруаның құралдары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір кездегі шаруаның құралдары өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бір кездегі шаруаның құралдары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері