Заман кімдікі – Матай Сансызбайұлы

Бұл бетте «Заман кімдікі» атты Матай Сансызбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Міна заман кімдікі
Қалі бардың заманы
Қорасында мың мыңдап малы бардың заманы
Қалта ортайса қайтадан
Толтыратын құйылып
Пенсионер кемпір мен шалы бардың заманы

Мына заман кімдікі
Пұлы бардың заманы
Мал бағатын қолды-аяқ ұлы бардың заманы
Алыс пенен жақынды ұштастырған тынымсыз
Көкіректе от көзінде нұры бардың заманы

Мына заман кімдікі
Биіліктінің заманы
Бюджетке тіреген илік тіріп табанын
Өзгелердің қолына ұстатып қу жауырын
Өзі шайнап жаясын
Семіз-семіз жобаның

Мына заман нарыққа енгендердің заманы
Илеуіне тірліктің көнгендердің заманы
Ең бергісі төрт жылда алшысынан асығы
Партиасы сайлауда женгендердің заманы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Заман кімдікі өлеңінің авторы кім?

Матай Сансызбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Заман кімдікі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Заман кімдікі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Матай Сансызбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Заман кімдікі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері