Дүние құдіреті – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Дүние құдіреті» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 1
  • 3853
Жүреді жұрт қимағаннан
Тірлікті тұғыр етіп.
Өзіне-өзі сыймағаннан —
Дүние құдіреті:
Өзіне-өзі сыймағаннан
Найзағай тұтанады.
Өзіне-өзі сыймағаннан
Желіннен сүт ағады.
Өзіне-өзі сыймағаннан
Сағыныш сарылады.
Өзіне-өзі сыймағаннан
Жанартау жарылады.
Өзіне-өзі сыймағаннан
Күніңнен нұр шығады.
Өзіне-өзі сыймағаннан
Ақыннан жыр шығады.


Пікірлер (1)

Ақниет

Маған қатты ұнады сендерге ше

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүние құдіреті өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Дүние құдіреті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүние құдіреті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүние құдіреті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері