Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.

Ілмектер: тәрбие, үлгі-өнеге

Жүзден - жүйрік,
Мыңнан - тұлпар.

Ілмектер: Үлгі-өнеге

Ұлық болсаң — кішік бол.

Ілмектер: үлгі-өнеге, тәрбие

Бала тәрбиесі бесіктен.

Ілмектер: Тәрбие

Сабыр түбі сары алтын.

Ілмектер: Сабыр

Келінім, саған айтам,
Қызым, сен тыңда.

Ілмектер: Тәрбие

Күн күркіресе, көп дүркірер.

Ілмектер: адам

Адам қайғысы - заман қайғысы.

Ілмектер: адам

Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны алады.

Ілмектер: Тәрбие, қазақ мақалы

Су ішкен құдығыңа түкірме!

Ілмектер: Тәрбие, қазақ мақалы

Қарағайға қарап тал өсер, Құрбысына қарап бала өсер.

Ілмектер: Тәрбие, қазақ мақалы

Алдыңғы көш қайдан жүрсе,
Соңғы көш сонан жүрер.

Ілмектер: Қазақ мақалы, тәрбие

Балаға байқап сөйлесең,
Ақылыңа көнер,
Байқамай шайқап сөйлесең,
Көрсетер бір «өнер».

Ілмектер: Тәрбие, қазақ мақалы

Ауру қалса да,
Әдет қалмайды.

Ілмектер: Әдет, қазақ мақалы

Әзілің жарасса,
Атаңмен ойна.

Ілмектер: Әзіл, қазақ мақалы, әзіл-қалжың

Әйелдер аз сөйлесе, ер адам көп нәрсеген қол жеткізер еді

Ілмектер: еврей мақалы

Сені жаман әйелден Құдай сақтасын, жақсысынан өзің құтыл

Ілмектер: еврей мақалы

Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.

Ілмектер: Достық, қазақ мақалы

Жаман қорыққанын сыйлайды.

Ілмектер: жаман, қазақ мақалы, сыйластық

Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.

Ілмектер: Әдеп, қазақ мақалы