Бала тәрбиесі бесіктен. Ілмектер: Тәрбие Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Бала тәрбиесі бесіктен.
Балаға байқап сөйлесең, Ақылыңа көнер, Байқамай шайқап сөйлесең, Көрсетер бір «өнер». Тәрбие, қазақ мақалы
Алдыңғы көш қайдан жүрсе, Соңғы көш сонан жүрер. Қазақ мақалы, тәрбие
Қарағайға қарап тал өсер, Құрбысына қарап бала өсер. Тәрбие, қазақ мақалы
Су ішкен құдығыңа түкірме! Тәрбие, қазақ мақалы
Балапан ұяда не көрсе, Ұшқанда соны алады. Тәрбие, қазақ мақалы
Келінім, саған айтам, Қызым, сен тыңда. Тәрбие
Ұлық болсаң — кішік бол. үлгі-өнеге, тәрбие
Ананың ізін қыз басар, Атаның ізін ұл басар. тәрбие, үлгі-өнеге
Ағайынға қарап бала өсер, Қарағайға қарап тал өсер. қазақ мақалы, тәлім
Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт Бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса Он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас қазақ мақалы, бала тәрбиесі
Жас жемісті жұлма, жас баланы ұрма бала, тәрбие
Құдай адамға екі құлақ пен бір ауызды көп тыңдап аз сөйлеу үшін берген. Тәрбие, Еврей мақалы
Тәрбиелі адам — тағалы атпен тең. тәрбие, адам
Кеме келсе, қайық судан шығады. тәрбие, өнеге
Бір елі ауызға — Екі елі қақпақ. тәрбие, өнеге
Жақсы адамның жасын сұрама, Жақсы аттың тісін қарама. жақсы, адам
Көн қатса, қалпына барады. Көпке түскен іс анығына барады. тәрбие, өнеге
Тауда туған құлынның Екі көзі таста, Ашаршылықта туған баланың Екі көзі аста. бала, өнеге
Өзек қуа ағады, Өзен судың саласы. Алыстан сәлем береді, Әдепті елдің баласы. әдеп, бала
Қайтып кірер есікті Қатты серппе. тәрбие, өнеге
Өтірікші алдымен Өзін алдар. өтірікші, тәрбие
Тек жүрсең, Тоқ жүрерсің. тәрбие, өнеге
Ұлың өссе, Ұяттымен ауылдас бол, Қызың өссе, Қылықтымен ауылдас бол. ұл, қыз
Тасты бассаң, кетілер, Сазды бассаң, жетілер. тәрбие, өнеге
«Сіз» деген әдеп, «Біз» деген көмек. әдеп, тәрбие
Бұл бетте қандай мақал-мәтелдер бар?
Тәрбие туралы мақал-мәтелдер берілген.
Тәрбие туралы мақал-мәтелдер тағы бар ма?
Тәрбие туралы басқа да мақал-мәтелдер бар.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі