Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Тамыр болдың – айтыс жоқ, қолдан бердің – қайтыс жоқ.

Ілмектер: нақыд сөз Мұхтар Әуезов

Мақсатқа жету үшін талмай еңбек ету керек, өз-өзіңе сенімді болу керек.

Ілмектер: Мақсат, нақыл сөздер Махмһд әл-Қадр

Ақылды арын ойлайды,
Ақымақ қу дүниеге тоймайды.

Ілмектер: Baurzhanka Baurzhanka

Бүгін сен түзелсең, ертең ел түзеледі.

Ілмектер: өзгеріс, ел, түзелу Мырзатай Жолдасбеков

Шовинизм тарихи ойды ғылыми зерделеуге бөгет жасайды.

Ілмектер: шовинизм, ой, ғылым Олжас Сүлейменов

Көз көргенді ой таниды.

Ілмектер: көз, ой Ғабит Мүсірепов

Ой – көңілдің еркетайы, жыр – жүректің бұлбұлы.

Ілмектер: ой, жыр Бернияз Күлеев

Не аңсағанда аларсың, не қақсағанда аларсың.

Ілмектер: мақсат, арман Мұхтар Әуезов

Өзіңе, өзіңнің күшіңе деген сеніммен қаруланып алу керек, ал бұл сенімге кедергілерді жеңу арқылы, ерікті тәрбиелеп, оны «жаттықтыру» арқылы жетеді. Өз бойыңдағы және өзіңнен тысқары жердегі өткеннің, түкке алғысыз мұрасын жеңуге үйрену қажет... Өзін-өзі сәл ғана жеңудің өзі адамды ана ғұрлым күшті етеді.

Ілмектер: сенім, адам Максим Горький

Көркем әдебиет деген – ең әуелі жанды сөз, тек қана сыртқы емес, ішкі сөз. Адам жанын қозғай алар құдірет болмаса, төрт аяғын тең басқан өлеңнен де, сағымдай құлпырған қара сөзден де пайда жоқ.

Ілмектер: көркем әдебиет, сөз Ғабит Мүсірепов

Суарған семсер секілді, жастықта жатпа, жайраңда!

Ілмектер: жастық шақ, өмір Бернияз Күлеев

Сипат: тілі – бұлбұл, аяғы – дүлдүл.

Ілмектер: сипат, нақыл сөз Мұхтар Әуезов

Салауатты өмір сүру тек тән саулығына ғана емес, жан саулығына да байланысты.

Ілмектер: салауатты өмір, денсаулық, тән, жан Томас Карлайл

Елді ояту үшін, тарихты ояту керек.

Ілмектер: ел, тарих Мырзатай Жолдасбеков

Жазу үрдісі де мәңгілік емес.

Ілмектер: жазу, мәңгілік Олжас Сүлейменов

Сөз қасиеті – көркемдігінде, ой қасиеті – шындығында.

Ілмектер: сөз, ой Ғабит Мүсірепов

Ойла, ойла! Ойға тойма!

Ілмектер: ой, ойлау Бернияз Күлеев

Тумай жатып толдым деме, толмай жатып болдым деме.

Ілмектер: нақыл сөз Мұхтар Әуезов

Еліңнің тағдыры - өзіңнің тағдырың.

Ілмектер: ел, тағдыр Мырзатай Жолдасбеков

Кез келген тіл дерексіздікке (абстракция) құмар.

Ілмектер: тіл Олжас Сүлейменов