Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Көркем сөз суықта да өседі, ыстықта да өседі, күндіз де өседі, түнде де өседі. Тек ақ мамық төсекте өспейді, әлпештеген алақанда өспейді. Сынсыз өспейді, талас-тартыссыз өспейді.

Ілмектер: көркем сөз, сөз Ғабит Мүсірепов

Жер жұмағы – ен дала, ел сұлуы – қыз бала.

Ілмектер: жер, жұмақ, қыз Бернияз Күлеев

Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?!

Ілмектер: тәлім, тәрбие, жастар Мұхтар Әуезов

Ана тіліне немқұрайлы қарау – өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз.

Ілмектер: ана тілі, тіл, болашақ Константин Паустовский

Өзінің еркін дамытқысы келген адам кедергілерді жеңіп үйренуге тиіс.

Ілмектер: адам, кедергі Павлов Иван Петрович

Көркем сөзі бар болғырдың өзін орақпен орып, күрекпен күреп ала алмайсың: оны бір-бірлеп тересің, бір-бірлеп тізесің!

Ілмектер: көркем сөз, сөз Ғабит Мүсірепов

Махаббат достықтан да күшті.

Ілмектер: махаббат, достық Бернияз Күлеев

Іздесең – табарсың, алыссаң – аларсың.

Ілмектер: еңбек Мұхтар Әуезов

Зейін есік тәріздес, ол арқылы бәрі өтеді, сыртқы дүниеден адамның жан–дүниесіне жетіп отырады.

Ілмектер: зейін, есік, адам Константин Ушинский

Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар
Арқа мен қосым қала деп,
Азамат ердің баласы
Жабыққанын білдірмес,
Жамандар мазақ қылар деп.

Ілмектер: еңбек Қазтуған Сүйінішұлы

Кітап оқу – мұның өзі әлі ештеңені білдірмейді, нені оқу және оқығанды қалай түсіну – басты нәрсе міне осында.

Ілмектер: кітап, оқу Константин Ушинский

Күлкі сергектік тудырады.

Ілмектер: күлкі, сергектік Лев Толстой

Ойсыз сөзде көркемдік те жоқ.

Ілмектер: ой, сөз Ғабит Мүсірепов

Көктің сәні – құс әні, бала мен мал – жер жаны.

Ілмектер: бала, мал, сән, құс Бернияз Күлеев

Сын шын болсын, шын сын болсын.

Ілмектер: шындық, сынау Мұхтар Әуезов

Ең бірінші адам бойындағы қажеттілікті туғыза білу керек. Ондай іс қолынан келетін адам бүкіл әлемді мойындата алады.

Ілмектер: адам, әлем, басқару Дейл Карнеги

Қойдан қозы туады шөп жейтұғын
Иттен күшік туады боқ жейтұғын
Осындай бейсауыт сөз сөйлегенге
Аулыңнан шықпады ма қой дейтұғын

Ілмектер: нақыл Алдаберген би

Кітап оқу адамды білімді, әңгімелесу – тапқыр, ал жазып алу әдеті – дәлшіл етеді.

Ілмектер: кітап, оқу, әңгімелесу Фрэнсис Бэкон

Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз.

Ілмектер: тіл Лев Толстой

Көркем сөз - жанның сәулесі.

Ілмектер: сөз, көркем сөз Ғабит Мүсірепов