Нағыз ақын өзін қоршаған дүниедегі қорғансыз бала сияқты сезінеді.
Ілмектер: ақын, дүние, бала, сезім Жорж Батай
Шыңға бастар шұбалаң жолдардың да өз шырғалаңдары аз емес.
Ілмектер: шың, жол Жорж Батай
Біз өзіміздің бір бөлшегімізді «лаулаған оттың еркіне» тастауға міндеттіміз.
Ілмектер: от, міндет Жорж Батай
Бəрі болу қолымыздан келмейді: мүмкіндіктеріміздің шегі онша алыста жатқан жоқ.
Ілмектер: мүмкіндік Жорж Батай
Мораль дегеніміз — белгілі бір тəртіпке бой ұрған адам өзіне-өзі салар ауыздық.
Ілмектер: мораль, тәртіп, адам Жорж Батай
Дүние — адам үшін шешуге тиісті жұмбақ тəрізді.
Ілмектер: дүние, адам, жұмбақ Жорж Батай
Дүние терең мағынасында ессіз көрінеді, ешқандай артық ойсыз ессіз келеді, ал ессіздік мəнершілдікке бейім тұрады.
Ілмектер: дүние Жорж Батай
Арылуды аңсап қанын ішіне тартқан дүкеншінің, жезөкшенің, əулиенің өзара ұқсастықтарының көптігі сонша — олардың бəрін жиып бір-ақ адам жасауға болатындай.
Ілмектер: арылу, дүкенші, әулие, адам Жорж Батай
Махаббат пен поэзия — біздің жалғыздықтан жəне өмірдің сиқы қаша бастаған кезде бас сауғалар жер іздегенде жүрген жолдарымыз.
Ілмектер: махаббат, поэзия, жалғыздық, жол Жорж Батай
Тек өліп бара жатқанда ғана төл табиғатыңа айналған жарды өз көзіңмен көре аласың.
Ілмектер: жар, өлім, табиғат Жорж Батай
Тек байланыстардың тұрақсыз болатындығы ғана оқшаулану жəне өзімен-өзі ғана болып, өзімен-өзі тіршілік ету елесімен өмір сүруге мүмкіндік береді.
Ілмектер: байланыс, тіршілік Жорж Батай
Адам қашып қана қанағат табады.
Ілмектер: адам, қанағат Жорж Батай
Қиылған тамақтан тоқтаусыз шапшыған қанды еске салатын мына күлдібадам ойлар отары қайда ағылып барады?!
Ілмектер: тамақ, қан, адам, отар Жорж Батай
Əдебиет өзіне-өзі айыптау үкімін шығаруы керек.
Ілмектер: әдебиет, айыптау, үкім Жорж Батай
Тек адам болу «абыройсыздығынан» «өлмеген» кісі ғана адам болып өледі.
Ілмектер: адам, абырой Жорж Батай
Шектен шығу үшін көп күш-қуат арыны қажет.
Ілмектер: күш, қуат Жорж Батай
Адамға қатігездік көлеңкесі түсіп, өлімнің көзіне «тура қарайтын» болғанда — оның өмірі тұтас тамашаға айналады. Оны ештеңе де бұза алмайды: өлім — оның жаңаруының шарты ғана.
Ілмектер: адам, қатыгездік, өлім Жорж Батай
Балалардың шалдуарлығына күлген кезде біздің күлкіміз өмірді жоқтан бар болып шығып келе жатқан сəтте қандай күйге салатынымызды көргендегі ұятымызды жасыруға ғана жарайды.
Ілмектер: бала, күлкі, күлу Жорж Батай
Құрбандық шалудың ақтық мақсаты – жақсылыққа жол ашу.
Ілмектер: құрбандық, жақсылық Жорж Батай
Ақиқаттар қателіктермен теңдестіріліп отырады.
Ілмектер: ақиқат, қателік Жорж Батай
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі