Жарасымдылық идеалы — сəулет өнері немесе мүсін өнері, ал олардың мəні — уақытты жоққа шығаруда жатыр.
Ілмектер: сәулет, өнер, мүсін, уақыт Жорж Батай
Өмірді бір жерде қазыққа байлап ұстап тұра алмайсың: ол тез бір жерден бір жерге көшеді, ол электр тогі тəрізді зулап, жарқ- жұрқ етеді.
Ілмектер: өмір, ток, қазық Жорж Батай
Құрбандық шалу дегеніміз — ессіздік, бар білімнен бас тарту, бос кеңістікке барып құлау!
Ілмектер: құрбандық, білім, кеңістік Жорж Батай
Шын іздеген еді — мұндар мұңға жолықты.
Ілмектер: мұң Жорж Батай
Бақытты болғысы келу жөніндегі тілек — жаңа қасірет жəне одан құтылу жөніндегі тілек деген сөз.
Ілмектер: бақыт, тілек, қасірет Жорж Батай
Жанайқайда туа біткен өзімшілдік бар, одан кез-келген ақпаратқа қалай болса солай бейжай қараушылық пайда болады.
Ілмектер: жанайқай, ақпарат Жорж Батай
Мен құмардан шығуға — қаншалықты құштар болсам, басып- жаншу дегенді — соншалықты жек көремін.
Ілмектер: құмар Жорж Батай
Егер мораль бар болса — бəрібір мəңгі өмір сүре алмас еді.
Ілмектер: мораль, өмір, мәңгілік Жорж Батай
Бақытына қарай балалар біраз уақыт ересектер əлемінің не екенін білмей өседі: бірақ кейін олар бəрібір сол сұрқия əлемнің тұрғынына айналады.
Ілмектер: бақыт, балалық шақ, ересек, әлем, тұрғын Жорж Батай
Егер Жақсылықтың көз қарыр жарқылы Жамандықтың қою қараңғылығын одан əрі қоюлатып көрсетпесе — екіншісінің көз тартарлық ештеңесі де қалмас еді.
Ілмектер: жақсылық, жамандық Жорж Батай
Адамның даңқын шығаратын — тек оның дарыны ғана.
Ілмектер: даңқ, дарын Жорж Батай
Жай ғана бар болудың өзі — қасірет.
Ілмектер: қасірет Жорж Батай
Кез-келген тіршілік иесінің толымдығы — жақын-жұрағаттары тарапынан сенімсіздік туғызады.
Ілмектер: тіршілік, сенімсіздік Жорж Батай
Асқақ сөздер теріс көзқарасқа оң мағына береді: сөйтіп нағыз бос қуыс жарқылдық құндылықтар сыртында көлегейленіп қалады.
Ілмектер: сөз, көзқарас, құндылық Жорж Батай
Сөйлеу — өзіңше білемін деп ойлау.
Ілмектер: сөйлеу, білу Жорж Батай
«Қорлық» қылмыс пен «құштарлық» қылмыс — бір-біріне қарама-қарсы.
Ілмектер: қорлық, қылмыс, құштарлық Жорж Батай
Экстаз кезінде босаңсуға болады: сол сəтте нағыз қанағаттанғандық, бақыт, бейбастақтық сияқты сезімдер оянады
Ілмектер: қанағат, бақыт, сезім, экстаз Жорж Батай
Біздің тіршілігіміздің бəрі — болмысты тəмамдаудан басқа ештеңе де емес.
Ілмектер: тіршілік, болмыс Жорж Батай
Уақыт — шындық сияқты, көрінгеннің бəрінің тұра қашуынан басқа түкті де білдірмейді.
Ілмектер: уақыт, шындық Жорж Батай
Діннен поэзияда жоқ ештеңе де таба алмаймыз.
Ілмектер: дін, поэзия Жорж Батай
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі