Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (31) Мақал-мәтелдер (8) Ұлағатты сөздер (13) Әзіл, анекдоттар (7)

- Шашыңызды қалай алайын?
- Үндемей!!!

Ілмектер: әзіл, анекдот, шаштараз

Шаштараз трейдердің шашын алып жатыр екен.
— Биржада жағдайларыңыз қалай?
— Бәрі ойдағыдай... 2-3 минуттан кейін тағы
— Биржада жағдайларыңыз қалай?
— Рахмет, барлығы ойдағыдай... тағы 2-3 минуттан кейін
— Биржада жағдайларыңыз?
— Жақсы дедім ғой, неге бір сұрақты қайталап сұрай бересіз?!
— Түсінесіз бе, сізден осы сұрақты сұраған сайын шашыңыз тікірейіп кетеді, қиюға ыңғайлы.

Ілмектер: шаштараз, әзіл

Бір күні жындыханада бір жынды өлем деп талға арқан байлап беліне байлаган екен. Сонда бір дәрігер келіп:
- Не істеп тұрсың? - депті. Әлгі жынды:
- Өлгім келед. - Дәрігер:
- Өлгің келсе арқанды белге емес мойныңа байласай. - Жынды:
- Байлап көрдім, ауа жетпей кетті. депті

Ілмектер: жындыхана, әзіл

Баяғыда бір апамыз жетінші күйеуге тиіп бара жатып:
- Өстіп жүріп бұзылып кетпесем болды ғой! - депті.

Ілмектер: апа, әзіл

Баяғыда бір бай болыпты. Қорасы қойға толы, шарасы майға толы екен. Бір күні байдың қорасындағы малына ұры түседі. Ұрыны ұстап алып.
- Атың кім? - деп сұраса
Ұры:
- Әрине - деп жауап береді.
- Не істеп жүрсің? - десе, тағыда әрине деп жауап беріпті.
- Елің қайда? - десе
"Әрине" - деп айта беріпті.
Сонда бай:
- Мынаның есі дұрыс емес шығар жіберіңдер. - деп босатады.
Сонда ұры:
- Қойға келген ұры едім, әринемен құтылдым деп қашып кетіпті.

Ілмектер: әзіл, ұры, бай

Өзімнің бозбала кезім есіме түссе зәрем ұшады (бірақ қазір олай емес әрине). Өзімнің жазған кітаптарым маған сол кезде бұйырғанда көп нәрсе болмаған болар еді, дайын асты жұта салар едім. Мына жазғаным әзілден гөрі өкініш болып кетті ғой.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, бозбала, кітап, әзіл, өкініш

Есек пен түлкі әңгіме барысында шөптің түсіне қатысты сөзге келеді. Түлкі шөпті жасыл десе, есек сары дейді. Осылайша біраз сөз таластыра отырып, шешімге келе алмаған соң аң патшасы - арыстанға келеді. «Патшам, сізден төрелік сұрап келдік. Есек екеуміз таңнан бері айтысып отырмыз. Ол шөптің түсін сары дейді, ал мен жасыл деймін. Шынайы төрелігін сіз айтыңызшы»,- дейді түлкі. Арыстан ойлана отырып, нөкері қасқырларға: «Есекті еркіне жіберіңдер, ал түлкіге 30 дүре соғыңдар»,- дейді. Сонда түлкі: «Патшам, меніңкі дұрыс емес пе, шөптің түсі жасыл емес пе?!»,- дейді. Арыстан: «Иә, шөптің түсі жасыл, менің берген жазам сеніңкі дұрыс болмағаны үшін емес. Есекпен сөз таластырғаның үшін»,- деген екен.

Ілмектер: есек, түлкі, анекдот, әзіл

Пікірлер