Қазақша анекдот, әзіл

Есек пен түлкі әңгіме барысында шөптің түсіне қатысты сөзге келеді. Түлкі шөпті жасыл десе, есек сары дейді. Осылайша біраз сөз таластыра отырып, шешімге келе алмаған соң аң патшасы - арыстанға келеді. «Патшам, сізден төрелік сұрап келдік. Есек екеуміз таңнан бері айтысып отырмыз. Ол шөптің түсін сары дейді, ал мен жасыл деймін. Шынайы төрелігін сіз айтыңызшы»,- дейді түлкі. Арыстан ойлана отырып, нөкері қасқырларға: «Есекті еркіне жіберіңдер, ал түлкіге 30 дүре соғыңдар»,- дейді. Сонда түлкі: «Патшам, меніңкі дұрыс емес пе, шөптің түсі жасыл емес пе?!»,- дейді. Арыстан: «Иә, шөптің түсі жасыл, менің берген жазам сеніңкі дұрыс болмағаны үшін емес. Есекпен сөз таластырғаның үшін»,- деген екен.

Ілмектер: есек, түлкі, анекдот, әзіл
WhatsApp Telegram

Мына сілтемелерді де қарап көріңіз:

Мыңдаған мақал-мәтелдер

Сан жетпес ұлағатты сөздер

Өте көп анекдот, әзілдер

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз



Тағы да қарап көріңіз

Басқа да бөлімдер: