Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз(ілмек) жазып, "іздеу" батырмасын басыңыз, сол сөзге байланысты мәліметтер шығады, мысалы: ана


Мақалалар (214) Өлеңдер (361) Жоспарлар (24) Мақал-мәтелдер (86) Ұлағатты сөздер (54) Әзіл, анекдоттар (4)

Іздеген кілт сөзіңізге(ілмек) байланысты мәліметтер:


Жан Анам

Сүйемін «Балам» деген қолдауыңды,
Орындап,арман-тілек қалауымды
Жетерсің деп шыңдардың биігіне,
Құрметтедің өмірлік таңдауымды.

Толық

Мың алғыс, миллион алғыс аналарға

Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, туған жермен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да.

Толық

Туғызған ата ана жоқ

Туғызған ата ана жоқ,
Туғызарлық бала жоқ.
Туысқан туған, құрбылас
Қызығымен және жоқ.

Толық

Ана

Ана — күннің шуағы,
Мәңгі сөнбес шырағы.
Жанымды ұғар жалғыз жан,
Жүрегімнің тұрағы.

Толық

Ана

Ана — күннің шуағы,
Мәңгі сөнбес шырағы.
Жанымды ұғар жалғыз жан,
Жүрегімнің тұрағы.

Толық

Алғашқы перзенттен анаға

Мен келдім өмірге, құшақ жайдың,
"Перзентім менің!" — деп наздайдың.
Қолыңа алдың, қуанышпен сүйіп,
"Алғашқы қызым!" — деп маңдайымнан иіп.

Толық

Сүтпен бірге анаң мейір емізген

Сүтпен бірге анаң мейір емізген,
Ақ ниетің кем болмасын теңізден.
Өседі гүл күннің уыз нұрынан,
Ал адамдар жылы-жылы лебізден.

Толық

Рахмет саған анашым

Рахмет саған анашым
Қасымнан әр-кез табылған.
Қолдау да көмекте қылдырған,
Дарменбай Зейнеп

Толық

Анашым….

Анашым - Таджибой Әсел
Анашым жырым едің.
Жанымның төріндегі нұрым едің,
Сен барда шуағым шашылып тұр,

Толық

Махаббат деген көп сезім

Бұл махаббат бір жанға арналмайды,
Бұл махаббат орнына қойған айды,
Сондай күшті шексіз мына сезімде,
Жүректі сан мың рет жаралайды!

Бұл махаббат арналады анаңа,
Анаң үшін ыстық сезім жанама?
Бұл махаббат арналады мүмкін жарыңа,
Сезімді қалай сыйдырам санама?

Дүңк-дүңк етіп соғып тұр мендік жүрек,
Бұл жүрек жақындарға болған тірек,
Бұл жүрексіз ешқандай өмір болмас,
Махаббаттың шыңына шыққан сирек!

Толық

Әлпештеген анама

Анам сіздің көзіңізден жас көрмейін,
Ешкімді де тек сізден қас көрмейін,
Сізді қатты жақсы көремін дей отырып,
Жан жылуы шашатын нұр көрейін!

Сіз сәбиді, аялап бақытым деп,
Ыстық сезім алау отын жағыппын деп,
Сіздің мына әр күніңізге тілей бақыт,
Күлкі көрейін әр сағаттың уақытын да!

Сіздей ана әлемнен табылмайды,
Әкем сізді әділ жан деп бағалайды,
Сол сенімді жүрегіңізге мың бір алғыс,
Жылу жанып тұрған жүрегіңіз жабылмайды.

Отбасым болсын отқа күйем,
Отаннан патриоттық сезім түйем,
Сол сезімді үйреткенде анама,
Сізді шын жүрекпен мәңгі сүйем!

Толық

Аяулы анашым

Өмір сыйлаған анашым,
Өзіне мен ризамын.
Аяулы менің анашым
Қайда жүрсемде сағынамын.

Толық

Ана қолы

Атырдық танды көз ілмей,
Арылдық біраз кірбіңнен.
Сонау бір —
Сәби кезімдей,

Толық

Ең қымбатым менің

Атам мені үнемі,
«Құлыным» деп жүреді.
Әжем маған сенеді,
Ертегі айтып береді.

Толық

Ананың сүюі

Кім сендерді, балалар, сүйе-тұғын,
Куанышыңа қуанып, қайғыңа күйе-тұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.

Толық

Ана

Анашым -алақаның аялы.
Көңілің бар бәйтеректей саялы.
Барлық адам теріс қарап кеткенде
Анаң ғана құшағын кең жаяды.

Толық

Ана

Ана жайлы жазғанда сөздер бітпес,
Ана болған үй ішінен нұр да кетпес.
Ана барда бүкіл өмір нұрға толы,
Сен жайлы өлең жаздым осы жолы.

Толық

Ана

Құлайын деп бара жатам құлдырап,
Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап,
Сол кезде бір ән естимін жақыннан,
Аққан бұлақ секілденген сылдырап.

Толық

Анашым

Той болып тойлануда туған күн,
Жанарыңда шаттық нұры тұнған күн.
50 жасқа келді міне анашым,
Құттықтайды сені алыстан боташың.

Толық

Ана

Бесікте – Ана, бесікте – бөбек:
Бірі тербеледі, бірі тербетеді.
Бал-бөбек былдыр, өсіп те келед,
Анаға жалғыз, сол жетеді.

Толық