Қиял
Бір жерде көп отырсаң жалғыз өзің,
Көрмесе көңіл ашар жанды көзің.
Кейде ащы, кейде тәтті қиял билеп.
Кететін бар емес пе бір мінезің?
Уақыт зулап өту де,
Менің уақытым келуде,
Шаруаларым көп еді,
Неге үлгердім өмір де?
Армандарым көп еді,
Мақсат болып келеді,
Сол мақсаттың жолында,
Жасым енді он жеті!
Арманым, менің арманым,
Ақиқат қашан боласың?
Өмір деген қас-қағым,
Бәлкім елеусіз қаласың?!
Талай жоба жасадым,
Талай ойды құрадым,
Күні бойы бір өзім,
Жақсы өмірді қаладым!
Жатырмын ақшамнан кейін тапшанда,
Жәймен еседі беттен жел ғана,
Аспан көктен түнек болғанда,
Жарқырады жұлдыздар аспанда.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі