Кешікпей кел, кездесейік Көк төбеде – Эльдар Ишберген

Бұл бетте «Кешікпей кел, кездесейік Көк төбеде» атты Эльдар Ишберген жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жалғанның қылған мынау неткен ісі.
Кездесудің қинады бір шектелісі.
“Кел” десең сен ешқашан тежеу болмайт.
Алматының қаптап тұрған кептелісі.

Әлі ашиды сол жара - қан қалдығы.
Не жазды екен сезімімнің сұм тағдыры?
Жолығуға шақырсаң кедергі емес.
Нөсерлеген қаланың бұл жаңбыры.

Бөгет болмас шаһардың шың тауларыда.
Құштарлығым білмейді не талғауды да.
Сабырсыздық бой алып бара жатыр.
Сағынышым жыр болып құр қалмады ма?

Суып кеткен өзіңсіз жыл көктеміде.
Жаздырмады шіркін намыс өктеміде.
Үн қатайын тағы да үндеу қылып.
Кешікпей кел, кездесейік Көк төбеде.


Пікірлер (1)

Дико

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешікпей кел, кездесейік Көк төбеде өлеңінің авторы кім?

Эльдар Ишберген — осы өлеңнің авторы.

Кешікпей кел, кездесейік Көк төбеде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешікпей кел, кездесейік Көк төбеде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Эльдар Ишберген өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кешікпей кел, кездесейік Көк төбеде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар