Ит

Бұл бетте «Ит» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1425
Сотқарлау бір Иті болды мырзаның,
Көрмеді ол жоқшылықты бір мысқал.
Басқа Ит мұндай тұрмысқа
Білдіріп шын ырзалық,
Қылмас еді ұрлықты.
Ал, ол болса бастап жаман сұмдықты,
Етті көрсе, ешбір тағат қылмады,
Табанда ұрлады.
Қожасы оны болмады еш тыңдатар;
Қонбай қойды ақылы.
Досы келіп ақыры,
Кеңес беріп, айтты оған сын қатал:
«Тыңда, – деді, – болғаныңмен тым қатал,
Итті ұрлыққа үйретіпсің, сезінем.
Айыбың сол – сабағанмен бірқатар,
Ұрлық етті қалдырасың өзіне.
Алда Итті ұрлығы үшін қатты ұрма,
Бірақ, еттен бір тістем де таттырма».
Дос кеңесі кәдеге аса бастады –
Қойған соң түк таттырмай,
Ит те ұрлығын тастады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ит өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ит өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ит өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ит өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері