Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (48) Мақал-мәтелдер (51) Ұлағатты сөздер (27)

Жалғыз қаламын сені есіме алу үшін

Әдемі көздер, шұрайлы сөздер айласы бар,
Аңсаймын досты жүзінде нұр бар Айға сыңар.
Бақытты шақта қасымнан ылғи табылған,
Әй, бәтшағарлар, қайдасыңдар!?..

Толық

Жалғыздық жамылған күз

Көшені кезеді ақ тұман
Ажалдың күпісін киініп.
Жапырақ құлайды сыбдырлап,
Самалмен үзілген күй іліп.

Толық

Мен өмір сүремін...

Мен өмір сүремін...
Нұр жанарында бақыттың,
Ақ кірпігінде уақыттың.
Мен өмір сүремін...

Толық

…шығар

Сонау бір тұста дала бар шығар,
Қала бар шығар сол маңда.
Қамыққан бір жан қараған шығар,
Қайтқан ізі жоқ жолдарға.

Толық

Бір жанға

Бір де саған ызам келіп, бір де саған кектенем,
Бір де сүйіп, сағынамын, қалқып ұшам көкте мен.
Эй, тойымсыз жүрегіме, айтып баршы мынаны,
Ол жолықпай қалған болса, онсыз жалғыз нестер ем?

Бәлкім сол бір жыңғыл болып, калар медім өспеген,
Сен арқылы қамшыланып, сен арқылы өзгерем!
Бағым жанбай, жолым болмай жолықпасаң сен маған.
Бала іспетті жүрер медім, тұсауын да кеспеген!

Иә, білем, мен сондаймын, бір де бие, бір де түйе.
Қызғанамын, болғандайсың жаныма шипа, өзің ие.
Көп нәрсеге дайын едім, ай, сұрықсыз өмір-ай,
Сезімімді айғақтайтын болып кетті - сөз ғана-ай!

Бізге шектеулі келген екен, бірге өткізген уақыт тым,
Бізге сиректеу берген екен, нағыз дәмін бақыттың,
Арманыңды алма-кезек орындаушы ем әттең-ай,
Тек бір сәті келсе екен, мен аңсаған уақыттың!

Толық

Кеш мені

Шын бақытын сүйіп тапқан бұл ғалам да,
Махаббат дертінен мен де қапы қалам ба?
Мен де бәлкім ғашық пенде шығармын,
Бұл әлем де теңдесі жоқ сұлу адамға!

Ай туады, бұлт көшеді Көктөбе де,
Махаббат бұл ескертпейді келер де,
Жүректегі саған арналған сезімім,
Тасып тұрмақ, сыймай жатса өлем бе?

Бір қуаныш, бір қайғысыз кетпейді,
Саған ғашық мендей азап шекпейді,
Шын махаббат көрсетейін дегенде,
Өзгелердің көзқарасы шектейді.

Сағы сынған қашқын жандай күйдемін,
Қап бұл жолы да түбегейлі күйредім.
Жұрт алдында жалғыз қалып қалғандай,
Сөз де түйе, ал ісім де түймемін.

Толық

Ешкім

Ешкім сені бауырындай көрмейді
Ешкім тыңдап, көңіл бұра бермейді,
Еңбекпенен көтермесең өзіңді,
Бет айналып, қолын бір-ақ сілтейді!

Жуас болсаң, басқа шығып өрлейді,
Өзіңді ойласаң, тас жүрекке теңейді,
Жамандайды, көралмайды иттей қып
Ешкім саған жақсылығын бермейді!

Құрметтемей, ешкім арттан ермейді,
Бетке басып, сөзбен көміп жерлейді,
Жақсылығың артта қалады жасаған,
Содан сені ешкім жақсы демейді.

Қателессең қайта саған сенбейді,
Өз қайғыңды, өзің ұстап жең дейді
Сені қарғап, жаман көрген адамдар
Жәй әншейін қадіріңді білмейді.

Толық