Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (47) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (28)

Я, алла

Я, алла! Ғаламыңды жаратқаның,
Жүзіне махлұқтарды таратқаның,
Өндіріп бір адамнан мұнша халық,
Әлсізді күштілерге қаратқаның.

Толық

Жаратылыс

Алла – бір.
Барлығынан сол ғана асқан.
Қарасам, ғаламатқа толған аспан.
Жұлдыздар керуен түзеп,

Толық

Бір Аллаға сыйынған адам өлмес...

Бір Аллаға сыйынған адам өлмес,
Құдайсыз қу қолынан іс те келмес.
Белін бекем буғанның белі талмас,
Ел бұзса да, адалдық өзгерілмес.

Толық

Әке

Әке саған көп нәрсе айталмай тұншығамын ,
Арасында келеді , ішімнен үн шығарғым.
Әке , айрылды ұлын бүгін қос жанардан,
Әке сен де айрылдын , Береке кірген босағаннан

Толық

Мадақтап мінсіз Алланы

Жарлы жұртымның жағасы жыртық...
Жар астында ма жақсылық?
Кетіпті елдің арасын ірітіп,
Жалғанды жалмап жоқшылық...

Толық

Бердім бата

Сұрасаң бата берейін,
Қолыңды жай қарағым,
Жақсы тілек тілейін,
Әумин деп қой шырағым!

Уа, Аллағым оңдасын,
Жаманшылық болмасын,
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!

Жалғыз тәңір қолдасын,
Аман сақтап мал басын,
Кәсібің биікке өркендеп,
Еккен егін солмасын!

Жер жарылып, гүл болсын!
Жау қырылып, шөп болсын!
Жаман пиғыл, жоқ болсын!
Жақсы амалың, мол болсын!

Толық

Әй, өмір қайда зымырап барасың?!

Әй, өмір қайда зымырап барасың?!
Уақыт өте мені өзіңе аласың,
Өмірімде жетістікке жете алмасам да,
“Өз кінәң ғой!” деп, қолыңды сілтей саласың!

Әй, өмір қайда зымырап барасың?!
Уақыт өте өз дегеніңді табасың!
Тас тіпті темірді де су тескендей,
Тықылдап тық-тық етіп өшпес қып ойасың!

Әй, өмір қайда зымырап барасың?!
Уақыт өте мені өзіңе аласың,
Сағаттың тілі тықылдап секунд сайын күректей,
Көрімді асықпай жәймендеп ғана қазасың.

Әй, өмір қайда зымырап барасың?!
Дым үндемей жастық шақты аласың,
Күш көп кезде жұмыс істемегеніңе,
Қартықтың ызы сезілгенде санды қағасың!

Толық