Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (49) Өлеңдер (1247) Жоспарлар (11) Мақал-мәтелдер (1)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"Тақпақ" тақырыбына байланысты өлеңдер

"Тақпақ" тақырыбына қатысты өлеңдер жинағы — бұл бөлімде "Тақпақ" ілмегіне қатысты өлеңдер, туындылар, тақпақтар мен поэмалар топтастырылған. Қазақ әдебиетіндегі әсерлі, мазмұнды және жүрекке жақын жырлар осы жинақта ұсынылған. Мұнда "Тақпақ" ұғымын түрлі қырынан ашатын шығармалар, терең мағыналы өлең жолдары мен оқырманға ой салатын туындылар жинақталған. Әрбір өлеңде автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Тақпақ" тақырыбына байланысты өлеңдер іздесеңіз, жаттауға арналған тақпақ немесе мағыналы жыр оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Мектебім

Жеті жасқа жеткенім –
Еркеліктен кеткенім.
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме беттедім....

Толық

Балбұлақ

Балбұлақ
Таң бұлағы,
Ән бұлағы
Жырлайды....

Толық

Піл

Ең алып аң піл деген,
Ыстық жақта мекені.
Салмағы да мүлде ерен
Он тоннаға жетеді....

Толық

Керік

Білемісің керікті?
Ол – кәдімгі жираф қой.
Табиғат мол беріпті,
Мойын менен сирақ, бой....

Толық

Пингвин

Аталғанмен құс болып,
Пингвиндер ұшпайды.
Көрген емес еш тоңып,
Мұхиттарда қыстайды....

Толық

Қыран

Қыран – құстың төресі,
Қарашы бір анықтап.
Көкте ұшқанын көресің
Самолеттей қалықтап....

Толық

Дельфин

Халық жақсы біледі
Денесі зор дельфинді.
Көк мұхитта жүреді
Бұзып-жарып толқынды....

Толық

Қолтырауын

Ыстық жақтың көлдері,
Өзендері – мекені.
Қатар-қатар көн тері,
Қалыңдығы екі елі....

Толық

Тасбақа

«Асты-үсті тарғыл тас,
Ортасыңда шандыр бас»,
Анау-мынау жауына
Оңайлықпен алдырмас....

Толық

Қурай

Күн күлімдеп көктемде,
Алтын нұрын төккенде,
Жасыл желек бал қурай
Жайқалады көк белде....

Толық

Бақбақ

Көктем келген шақта,
Қыр басында қаптап,
Секілді аппақ мақта
Жайқалады бақбақ....

Толық

Жұлдыздар

Түн жамылып тұңғиық,
Мүлгігенде шың-құздар,
Көк төсінде түу биік
Жымыңдайды жұлдыздар....

Толық

Ай

Тынық түнде төбеңде
Төгіп тұрар ай нұрын.
Тұнық көлдің төменде
Тербетеді айдынын...

Толық

Таулар

Таулар, таулар орасан
Шырша тұнған шатқалы.
Қарағайға қарасаң,
Сарбаздардай саптағы....

Толық

Мүше

Екі аяғың сау болса,
Асулардан асарсың.
Екі қолың сау болса,
Жақсы заттар жасарсың....

Толық

Космонавт

Самғап ұшқан алысқа
Космонавт мен болам.
Жаны құмар ғарышқа
Ел сүйсінген ер болам....

Толық

Ұшқыш

Кең аспанды шарлаған,
Ұшқыш деген мен болам.
Зымырандай самғаған
Ерен жүйрік ер болам....

Толық

Комбайншы

Тың далада көсілген
Астық деген береке –
Қалықтайды төсінде
Комбайным кемедей....

Толық

Құрылысшы

Елден алғыс алатын
Өскен кезде ер болам.
Сәнді үйлер салатын
Құрылысшы мен болам....

Толық

Ұнату

Нұргүл қандай тамаша!
Көзі қандай тамаша!
Жадыратар жаныңды,
Күлімдей бір қараса....

Толық

Тойлайық

Сен келгенде өмірге,
Бақ жанды деп ойладық.
Күй күмбірлеп көңілде,
Думандатып тойладық....

Толық

Абай қойдық атыңды

Айналайын, Абайым,
Атқан таңым –
Арайым,
Абай қойдық атыңды,...

Толық

Айналайын, анашым!

Айналайын, анашым –
Әлемдегі жан асыл.
Ет жүрегің елжіреп,
Құшағыңа аласың....

Толық

Ақ тілек

Арайланса ғалам бар,
Ағарып таң атты деп,
Бір-біріне адамдар
Айтып жатар ақ тілек....

Толық