Атам мені үнемі, «Құлыным» деп жүреді. Әжем маған сенеді, Ертегі айтып береді.
Байғұс әжем, бір жыл болды, бір жол болды – көрмедім, Көрмедім мен бурыл шашты кәрі қолдың өргенін. Көрмедім мен сиыр айдап, отқа тезек салғанын, Көлеңкеге құрып қойған ала жолақ өрмегін.
Асау тайдай жүруші ем мен жасымда, Аңғалым-ай, деуші еді анашым да. Тал шыбықты ат қылып мініп алып, Жарысушы ек, ауылда дос қасымда.
Тентек болсам, ашынып, жақсы іс қылсам, асырып, маған сақтап жүреді тәттіні де жасырып.
Құлайын деп бара жатам құлдырап, Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап, Сол кезде бір ән естимін жақыннан, Аққан бұлақ секілденген сылдырап.
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
- Конфуций
- Конфуций
- Эдвард Дж. Стиглиц
- Нельсон Мандела
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі