Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (4) Өлеңдер (3) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (34) Ұлағатты сөздер (8)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"Тәлім" туралы Өлеңдер

"Тәлім" туралы өлеңдер жинағы. Бұл бөлімде Тәлім туралы өлеңдер, туындылар, тақпақтар мен поэмалар жинақталған.

Мысалдан да тәлім ал

Ұққан құлақ қанығар,
Түйіп айтар мәні бар.
Ой тастайды астарлап
Мысалдан да тәлім ал.

Толық

Жаман қарғыс тілеме

Қарғысың қара басыңа,
Ырбандама жасыма,
Сен тілеген қарғысың,
Айналып келер басыңа!

Жаман қарғыс тілеме,
Орынсыз ешқашан да сөйлеме!
Жақсы тілек, жақсы ой,
Саған да тиерін біліп қой!

Жақсы жауап болмаса,
Үнсіздік алтынмен тең!
Орынсыз сен сөйлесең,
Наданның ісімен тең!

Жақсы сөз сөйле, не үндеме!
Жақсы тілек тіле не ет тәубе!
Әр сөзің жан дүниеңнің айнасы,
Ал сенің жаның керемет пе?

Толық

Мықты болсаң

Әлсізді жеңу, жеңіліспен бірдей!
Мықтыны жеңу, жеңістің төресіндей!
Мықты болсаң, мықтыны жең,
Құр босқа әлсіздерге шаба бермей!

Әлсіздермен пайда үшін күрестің,
Мықтылармен айла үшін сөйлестің,
Сенемін сенің білегің емес, білімің мықты,
Алайда сен ар-ұятты ойлаппең?!

Мықты болсаң, әдептіктен сен аспа!
Мықты болсаң, әлсіздермен жағаласпа!
Әрдайым адамдықты сен ұғып,
Күнәлі іс үшін, ешқанда ат салыспа!

Мықты болсаң қарағым өзіңді жең!
Мықты болсаң ғайбатты тіліңді тый!
Мықты болсаң шешеңнің сөзінен аспа!
Мықты болсаң, Құрандағы істі сен, мен, ол жаса!

Толық