"Оян"
Оян!
Есіңді жи қане қазақ,
Оян!
Оян енді көзіңді аш.
Тілім бар қуатты, ардақты,
Қазағым тілімнен салмақты.
Шешендік тілімнен шығады,
Сол үшін айтылған жан-жақты.
Қалыңдап тарихтың парағы,
Отты жыл алауы жанады.
Кешегі жеңімпаз солдаттар,
Бүгінде азайып барады.
Тәуелсіздік қазағыма орнаған
Еске түссе сол бір сәттер мұңданам
Тәуелсіздік – үміт жолы біл мұны,
Мұндай бақыт ешбір елде болмаған.
Қуанып ойнаған балалық,
Аздап бір бүлдірген шалалық.
Мақсатты өмірді қиалдап,
Болашақ өмірге қарадық.
Өз елім,өз жерім – байтақ далам
Көркіңе көз жоқ шығар, тамсанбаған
Рухани жаңғырумен,жаңарамыз
Тарих пен уақыт қалар таңбаланған
Үңілдірсе тарихқа ой тереңі,
Есте сақтар қазақтың байтақ елі.
Ілияс,Сәкен және Бейімбет қой,
Қазағымның алып үш бәйтерегі.
- Освальд Шпенглер
- Освальд Шпенглер
- Освальд Шпенглер
- Освальд Шпенглер
Барлық авторлар