Рухани жаңғыру
- 0
- 3
Елім бар қолына ,көк ту ұстаған,
Жақсы адамның бәрі де туыс маған.
Сілкіп тастап бойдан жат қасиетті,
Рухани жаңғыруға тиіс қоғам.
Бұл бетте «Үш бәйтерек бес арыс» атты Берік Алтынай Айбекқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Елім бар қолына ,көк ту ұстаған,
Жақсы адамның бәрі де туыс маған.
Сілкіп тастап бойдан жат қасиетті,
Рухани жаңғыруға тиіс қоғам.
Сәулетті әсем қалам Қызылордам,
Сыйлаған мендей ақын ,қызына арман .
Көз жүгіртсем кешегі өткеніне ,
Сенде талай тарихтың жүгі қалған .
Өмір деген осынау ұлы көште ,
Артында із қалған жан тірі емес пе? !
Алдық бүгін ,міне біз атақты ұстаз
,Қалипа Омарғалиқызын еске .
5 жасқа толды бүгін " Тіл сақшысы ",
Тілекші оған елімнің кіл жақсысы.
Бұл газетте келеді сыналумен ,
Келетіндер тіліме кір жаққысы .
Отанымның егемен кезі бүгін ,
Отан бүгін қолында өз ұлының.
Ел сыйлайды Елбасын ,себебі оның -
Тәуелсіздік -Елбасы -егіз ұғым !
Санамызға өзгеріс болсын , әр күн ,
Шын рухани жаңғыра алсын , әркім.
Көрінсек деп, 30 -ел биігінен ,
Енгіздік әліпбиге латын әрпін .
гулстан
үңілдірсе тарихқа ой тереңі өлеңнің толық нұсқасын жіріңізші