Моряк – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Моряк» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3648
Моряк жаны мығым-ақ
Мұхиттардан жүз өткен.
Тау толқынға шығып ап,
Тыныштықты күзеткен.
Теңіз — оның тұрағы,
Құрлықтың ол қонағы.
Толқын болып ұрады
Жейдесінің жолағы.
Дұшпандары батпайды,
Сенеді оған еңбекші.
Сағынса елді,
Жатпайды
Дарияша дөңбекшіп.
Моряк жаны мығым-ақ
Мұхиттардан жүз өткен.
Тау толқынға шығып ап,
Тыныштықты күзеткен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері