Бұл бетте «Тәуелсіздік -Елбасы -Егіз ұғым» атты Берік Алтынай Айбекқызы жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген.
Өнегеге айналған сөзі бүгін ,
Жұмсаған ел қамы үшін өз ілімін.
Елбасы күні мынау құтты болсын,
Қаға берсін елімнің көгі күлім !
Елбасымыз танытып көрегендік ,
Алып берді кезінде егемендік .
Еліне сіңірді ол қаншама еңбек ,
Соның бәрін деп білем - ерен ерлік !
Қазақстан -Ұлы Отан егеменді ,
Арнай берем сол елге көп өлеңді .
Шаңырағын биік қып сол Отанның ,
Елбасымыз кеңейтті керегемді .
Нұр Отанды деп біліп берекеміз ,
Бұл Отанды мықты әлі ел етеміз .
Құтты болсын Тәуелсіз елімдегі ,
Елбасы күні деген мерекеміз !
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі